430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев қайта қамауға алынды

  • 187
  • UPD: 13:43, 11.10.2020
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев қайта қамауға алынды фото: elitar.kz

Бішкекте түн тыныш өтті.

Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. Қырғыз елі астанасында жаппай төбелес немесе тонау деректері тіркелген жоқ. Қалада төтенше жағдай режимі енгізілген. Қарулы күштер блок-бекеттерде көліктерді тегіс тексереді. Митингтер мен әртүрлі акциялар ұйымдастыруға да тыйым салынған. Соған қарамастан, республиканың жаңа премьері болып сайланған Садыр Жапаровтың жақтастары орталық алаңға жиылып, өз көшбасшыларын қолдау шарасын өткізді. Ал экс-президент Алмазбек Атамбаев қайта қамауға алынды. Күштік құрылымдар оған қарсы бұрынғы тағылған айыптарына қоса, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген дерек бойынша іс қозғады.

Хабар 24 телеарнасы