427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ коронавирусты қайта жұқтыру жағдайларына қатысты мәлімдеме жасады

  • 160
  • UPD: 14:30, 11.10.2020
ДДСҰ коронавирусты қайта жұқтыру жағдайларына қатысты мәлімдеме жасады фото: РИА Новости

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты қайта жұқтыру жағдайларын зерттейтін арнайы топ құрды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ДДСҰ Төтенше аурулар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкховтың айтуынша, ұйымда адамдарда күшті иммунитет қалыптасқаны туралы мәліметтер бар, бірақ оның қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.

«Біз көптеген елдегі қайта жұқтыру жағдайларын білеміз. Бізде қайта жұқтыру жағдайларына арнайы жұмыс тобы бар. Себебі сұрақтар көп. Қазіргі уақытта әр түрлі елден көптеген хабарлама түседі, бірақ бізде вирусты қайта жұқтырған халықтың пайыздық есебі жоқ. Қазіргі сұрақ – бірінші инфекциядан кейін қандай және екінші инфекциядан кейін қандай иммунитет пайда болады? Антиденелер саны өседі ме немесе азаяды ма және онда не болып жатыр?», - деді ол.

ДДСҰ жауап табуға үміттенетін тағы бір сұрақ – аурудың қайталануы қаншалықты ауыр болады? Вирустың жеңіл түрін жұқтыру мүмкін бе?

Оның айтуынша, ДДСҰ-да COVID-19 жұқтырып, аурудан айыққан адамдарда күшті иммунитет дамитыны туралы мәліметтер бар, бірақ оның қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз. Кейбір зерттеуде мықты иммунитет бес айға дейін сақталатыны көрсетілген, ал басқалары антиденелер аз мөлшерде пайда болатынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы