428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда полицей бөлімшесіне шабуыл жасалды

  • 76
  • UPD: 19:59, 11.10.2020
Францияда полицей бөлімшесіне шабуыл жасалды

Францияда белгісіз біреулер полиция бөлімшесіне шабуыл жасады. Оқиға өткен түні болған. 40-қа жуық кісі ғимараттың терезелерін сындырып, Молотов коктейльдерін лақтырған.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тек ғимарат пен 5 полицей көлігіне зақым келген. Әзірге шабуылдаушылардың кім екені белгісіз.

Ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, оқиға жергілікті тәртіп сақшыларының есірткі тасымалына қарсы белсенді күресімен байланысты болуы мүмкін. Айта кетейік, тура екі жыл бұрын дәл осы бөлімшеге шабуыл жасалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы