Халықаралық ғарыш станциясының Ресейге қарасты бөлігіндегі дәретхана істен шықты. Енді ресейліктер АҚШ сегментіндегі дәретхананы пайдалануға мәжбүр.
«Ассенизациялы-санитарлық құрылғы (дәретхананың техникалық атауы - ред.) бойынша ақпаратты тиісті жерлерге хабарладық. Әзірге американдық сегменттегі дәретхананы пайдалана тұрыңыздар» делінген Ресейдегі ұшуларды басқару орталығының өз ғарышкерлеріне жіберген хабарламасында.
Еске сала кетсек, қазір Халықаралық ғарыш станциясында Ресей космонавттары Анатолий Иванишин, Иван Вагнер және АҚШ астронавты Кристофер Кэссиди жұмыс істеп жатыр.
Айта кету керек, бұл ақпарат Роскосмос сайтында жарияланбаған.
gazeta.ru
Аударған: Г.Абилова