429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта пойыздың автобуспен соқтығысуынан 20 адам қаза тапты

  • 85
  • UPD: 22:37, 11.10.2020
Таиландта пойыздың автобуспен соқтығысуынан 20 адам қаза тапты

Таиландта жүк пойызы автобуспен соқтығысып, 20-ға жуық адам қайтыс болды. Тағы 30 кісі түрлі жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, апат шлагбаумдарсыз реттелетін теміржол өткелдерінің бірінде болған. Автобус жүргізушісі жұмыс істеп тұрған бағдаршамға қарамастан пойыздың алдынан өтіп кетпек болған. Жүйткіп келе жатқан пойыз автобустың алдыңғы жағын соғып өтіпті.

Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы