428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентина гендік тұрғыдан өзгертілген бидай өсіруді мақұлдады

  • 75
  • UPD: 23:21, 11.10.2020
Аргентина гендік тұрғыдан өзгертілген бидай өсіруді мақұлдады

Аргентина генетикалық түрлендірілген бидайды өсіру және тұтынуды мақұлдаған әлемдегі тұңғыш ел атанды.

Бұл туралы осы елдің ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Аталған ведомствоның мәлімдеуінше, HB4 деп аталатын бидай сұрыпын CONICET Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық комиссиясы әзірлеп шыққан. Ол құрғақшылыққа төзімді келеді екен. Алайда кей сарапшылар бұған алаңдаушылық танытып отыр.

Айтуларынша, бидайдың жаңа түрі адам денсаулығы мен табиғатқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Бүгінде аргентиналық бидайдың 45 процентке жуығы Бразилияға экспортталады. Сондықтан Аргентина көршілес елде де генетикалық түрлендірілген бидайдың мақұлдануына мүдделі.

Хабар 24 телеарнасы