432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Корея коронавирусқа қарсы шараларды жеңілдетті

  • 103
Оңтүстік Корея коронавирусқа қарсы шараларды жеңілдетті

Оңтүстік Корея коронавирусқа қарсы шараларды жеңілдетіп, оларды ең бірінші қабылданған әлсіз деңгейге түсірді.

Бұл туралы ресейлік басылым ТАСС хабарлайды.

Мұндай шешім елде COVID-19 ауруының төмендеуі аясында қабылданды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Пак Юн Худың айтуынша, билік жағымсыз экономикалық әсерлерді азайту үшін карантиндік шараларды жеңілдетуге барған.

Караоке-барлар, спорт залдары, буфет түріндегі мейрамханалар жұмысын қайта бастайды.

Сондай-ақ мектептердегі сабақтарға шектеулер алынып тасталады. Келушілер орындардың 30%-інен аспайтын бөлігін толтырған жағдайда спорттық іс-шараларға және шіркеу қызметтеріне қайта кіруге рұқсат етіледі.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы