427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения Гянджа қаласын зымыранмен атқылады: 9 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды

  • 88
  • UPD: 11:13, 12.10.2020

Таулы Карабахта атысты тоқтату туралы келісім жасалғанына қарамастан, Әзербайжан мен Армения бір-біріне айып тағып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми Бакудың мәлімдеуінше, армян әскері елдегі екінші ірі қала Гянджаны зымырандармен атқылаған. Бұл соққыдан 9 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Қираған үйлердің үйінділерінде адамдар қалуы мүмкін.

Ал Армения қорғаныс министрлігі мұны мойындамай отыр. Атыс тоқтату жөнінде қол жеткен барлық келісімдерді орындап жатқанын алға тарты. Өз жағынан Әзербайжан Степанакертті атқылауын жалғастырды дейді. 

Хабар 24 телеарнасы