429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада жоғары оқу орындары қашықтан оқытуға көшті

  • 62
  • UPD: 12:54, 12.10.2020

Үкімет елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлағанына байланысты осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал медицина институттарының жоғары курстарында оқитын студенттер індетпен күреске жұмылдырылатын болды. Қазір ауруханаларда мамандар жетіспей отыр. Студенттер тәжірибелі дәрігерлердің бақылауында жұмыс істейді. Сондай-ақ үкімет мектептерге күзгі демалысқа мерзімінен ерте, 15-қазанда шығуға нұсқау берді. Індет басталғалы бері, Украинада 260 мыңнан аса адам коронавируспен ауырып, 5 мыңға жуығы бұл дерттен қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы