432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдың бір қаласының барлық тұрғыны коронавирусқа тест тапсырады

  • 127
  • UPD: 11:27, 12.10.2020
Қытайдың бір қаласының барлық тұрғыны коронавирусқа тест тапсырады

Қытайдың Шаньдун провинциясындағы 9,5 млн халқы бар Циндао қаласының барлық тұрғыны 5 күн ішінде коронавирусқа тест тапсырады.

Мұндай қадамға қала тұрғындарынан анықталған 12 коронавирус жағдайы себеп болған.

Ақпараттарға сәйкес, 2019 жылғы жағдай бойынша Циндао қаласында 9,5 миллионға жуық адам тұрады.

«Үш күн ішінде бес ауданның тұрғындары, соның ішінде Шинань, Шибей, Лицан, Лаошань және Чэнъян халқы тестілеуден өтеді. Бес күнде бүкіл қала тұрғынын тестілеуден өткізу жоспарланып отыр, нәтижелер уақтылы шығарылады», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы