428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда салынып жатқан көпқабатты үй құлады

  • 84
  • UPD: 16:41, 12.10.2020
Нигерияда салынып жатқан көпқабатты үй құлады

Нигерияның ең ірі қаласы Лагоста салынып жатқан үшқабатты үй опырылып құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі кезде 8 адам опат болғаны белгілі. Алайда құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін, өйткені құтқарушылар үйінділерді толығымен аршып үлгерген жоқ. Жарақат алған он шақты адам ауруханаға жеткізілді.

Айта кету керек, қазір Нигерияда құрылыс саласы төңірегінде үлкен дау туындады. Компаниялар құрылыс сапасын тексеруге міндетті тұлғаларға үнемі пара төлеп жүргені анықталды.

Хабар 24 телеарнасы