432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сооронбай Жээнбеков Бішкекте қайта төтенше жағдай енгізді

  • 123
  • UPD: 15:03, 12.10.2020
Сооронбай Жээнбеков Бішкекте қайта төтенше жағдай енгізді

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкек қаласы аумағында қайтадан төтенше жағдай енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған парламенттің бұған дейін осындай тәртіп енгізу туралы шешімді үш күн бойы қарастыруы себеп болған. Құжатта тәртіп қалада тәртіпсіздіктер белең алып, адам өміріне қауіп күшейгендіктен, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау үшін қолға алынғаны айтылған. Төтенше жағдай кезінде көшеде шеру, ереуіл және өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Еске сала кетейік, Қырғызстанда қазанның 5-і парламенттік сайлау қорытындысы жариялана салысымен наразылық шерулері басталып, оның соңы полициямен қақатығысқа ұласты. Тәртіпсіздіктер барысында мыңнан аса адам жарақат алды. Жээнбеков елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін қазанның 9-і күні төтенше жағдай енгізген еді.

Хабар 24 телеарнасы