Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоқыстан азығын іздеген пілдердің суреті үздік деп танылды

  • 90
  • UPD: 16:56, 12.10.2020
Қоқыстан азығын іздеген пілдердің суреті үздік деп танылды ВВС

Ұлыбританияда Корольдіктің биологиялық қоғамының фотобайқауы өтті.

Қоқыс төгетін жерден азығын іздеп жүрген пілдердың суреті жеңіске жетті. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Тилахан Тармапаланның Шри-Ланкада түсірген суретінен бір топ пілдің қорыққа жақын маңдағы қоқыстан азық іздеп жүргенін көруге болады.

Жергілікті билік жақында ғана Ампар округіндегі қорық маңына қоқыс төгуге тыйым салған болатын. Оған пілдердің жаппай улануы себеп. Сол маңнан алып жануарлардың өлексесі де табылған.

Ал жылдың үздік жас фотографы атағы Шри-Ланканың 14 жастағы тұрғыны Ашвин Гиртанға бұйырды. Оның суретінде балықшылардан қалған таяқшаларда өздерінің жемтігін күтіп отырған суқұзғындар бейнеленген.

 

Байқауға қатысып, көпшіліктің назарын аудартқан өзге де суреттер:

 

 

Хабар 24 телеарнасы