427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдік экономика 20 жыл ішінде табиғи апаттар салдарынан қанша шығынға батты

  • 122
  • UPD: 17:45, 12.10.2020
Әлемдік экономика 20 жыл ішінде табиғи апаттар салдарынан қанша шығынға батты

Әлемдік экономика табиғи апаттардың салдарынан соңғы 20 жылда 3 триллион долларға жуық шығынға ұшырады.

Бұл туралы БҰҰ-ның Дүниежүзілік апаттар қаупін азайту жөніндегі агенттігінің баяндамасында айтылған.

Ұйымның мәліметтері бойынша, 2000 жылдан 2019 жылға дейін 7348 жаһандық катаклизм болып, 1,23 миллион адамның өмірін қиды. Апаттардың салдарынан әлемдік экономика 2,97 трлн доллар шығынға батты.

Сарапшылардың айтуынша, алдыңғы 20 жыл ішінде, яғни 1989-1999 жылдар аралығында табиғи апаттар саны екі есе аз – 4212 жағдай тіркелген. Олар 1,19 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ал әлемдік экономикаға 1,63 трлн доллар шығын келді.

Хабар 24 телеарнасы