428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентина билігі шектеу шараларын тағы екі аптаға созды

  • 126
  • UPD: 17:43, 12.10.2020
Аргентина билігі шектеу шараларын тағы екі аптаға созды

Аргентинада коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулер тағы 2 аптаға созылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешімге елдегі эпидемиологиялық ахуал түрткі болды. Соңғы уақытта дертті жұқтырғандар саны қайта өскен. Адамдардың шетелден бөлек бір қаладан екінші қалаға саяхаттауына тыйым сақталады. Бір орында тек 10 адамның жиналуына рұқсат. Азаматтар бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс. Жабық орындарда кез келген іс-шараны өткізуге тыйым салынған.

Айта кетейік, Аргентинада 900 мыңға жуық адам вирусты жұқтырып, олардың 720 мыңнан астамы жазылып шыққан. Дерттен 23 мың науқас қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы