428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Индонезияда жаңа шектеулер енгізілді

  • 67
  • UPD: 18:11, 12.10.2020
COVID-19: Индонезияда жаңа шектеулер енгізілді

Индонезияда коронавирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты шектеу шаралары қайтадан енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгіннен бастап мейрамхана мен дәмханалар келген адамдар туралы толық ақпарат жазып алып отыруы тиіс. Джакарта қаласы губернаторының мәлімдеуінше, бұл аталған орындарда вирусты жұқтыру дерегі тіркелсе, науқастарды тез табу үшін қажет. Өзге де қоғамдық іс-шаралар өткізу кезінде осындай тәртіп қолданылмақ.

Айта кетейік, Индонезияда індет басталғалы 325 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 11 мыңнан аса науқас қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы