430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Циндао қаласында өтетін ШЫҰ елдерінің халықаралық жәрмеңкесі кейінге қалдырылды

  • 118
  • UPD: 22:21, 12.10.2020
Циндао қаласында өтетін ШЫҰ елдерінің халықаралық жәрмеңкесі кейінге қалдырылды

Циндао қаласының 9 миллион тұрғынын бес күнде коронавирусқа тестілеуден өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһарда бұл дертті жұқтырған 12 адам анықталғаннан кейін осындай шешім қабылданды. Олардың алтауында ауру симптомсыз өтіп жатыр. Науқастардың барлығы өкпе ауруларын емдейтін жергілікті клиникамен байланысты болып шықты. Бұл мекеме шетелден COVID-19 дертін жұқтырып келгендерді емдеуге арналған. Алдымен симптомы жоқ 3 науқасты анықтады. Осыдан кейін олармен қатынасқан 377 адамды тексеріп, арасында ауруды жұқтырған тағы 9 адам табылды. Ресми мәлімет бойынша осы айдың басына келген мейрам күндері Циндао қаласы 4,5 миллион туристті қабылдаған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қытайда екі ай бойы ел ішінде коронавирусты жұқтыру дерегі тіркелмеген еді. Науқастардың барлығы шетелден жұқтырып келген. Індеттің өршуіне байланысты Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің халықаралық сауда-инвестициялық жәрмеңкесін кейінге қалдырды. Ол Циндао қаласында 16-18 қазан аралығында өтуге тиіс болатын.

Хабар 24 телеарнасы