427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия үкіметі карантиндік шектеулерді қатаңдатуды көздеп отыр

  • 115
  • UPD: 22:07, 12.10.2020
Италия үкіметі карантиндік шектеулерді қатаңдатуды көздеп отыр

Италияда коронавирустың күшеюіне байланысты билік карантиндік шектеулерді қатаңдатуды көздеп отыр.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца мәлімдеді. Алдағы уақытта адамдардың кешкі сауық-жиындарды өткізуіне тыйым салынады. Мейрамхана мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқартылып, маскасыз өтетін спорттық шараларды ұйымдастыруға шектеу енгізіледі. Ресми дерекке сүйенсек, Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 350 мыңға тақаған. Соңғы үш тәулікте күн сайын 5 мың адам вирус жұқтырыпты.

Карло Джиоббини, Рим қаласының тұрғыны:

- Мен үкіметпен толық келісемін. Өйткені індеттің алдағы уақытта қалай өршитінін ешкім дөп басып айта алмайды. Сондықтан вирустан барынша сақтанып, алдын ала шаралар қабылдаған дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы