427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда дағдарыстан зардап шеккен тұрғындар ереуілге шықты

  • 76
  • UPD: 22:54, 12.10.2020

Францияда дағдарыстан зардап шеккен тұрғындар ереуіл өткізіп, жолдарды жауып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биліктің жүргізіп отырған саясатына қарсы наразылық акциясына кәсіпкерлер, саудагерлер, цирк қызметкерлері мен такси жүргізушілері қатысты.

Ереуілшілер Париждегі экономика министрлігінің алдына жиналды. Такси жүргізушілері осы ведомство басшысымен кездесуді талап еткен. Олар эпидемиядан ең қатты зардап шеккендердің бірі. Өйткені салаға мемлекет тарапынан қолдау көрсету қарастырылмаған. Жиналған жұрт «үкімет қиын-қыстау кезеңде қаржылай қолдап қана қоймай, Uber секілді халықаралық онлайн-сервиспен бәсекені қорғауы тиіс», дейді. Негізі Париж билігі коронавирусқа байланысты көліктердің жүруіне рұқсат етілген көшелер санын қысқартқан. Бұл да жүргізушілердің ашуына тиді. Францияның кейбір елдермен шекарасы әлі ашылған жоқ. Ереуілге шыққандар турист саны азайып, көлікке сұраныс төмендегенін айтады.

Ибраим Беналь, Франция такси жүргізушілері ұлттық кәсіподағының  бас хатшысы:

- Билік талабымызға құлақ аспаса, ертең, тіпті арғы күні ереуілге шығамыз. Үкімет 100 милилард еуро бөлді. Оның 30 милиларды экологияны қолдауға бағытталған. Қыруар қаржы, мәселен, киттерді құтқаруға жұмсалады. Бұл дұрыс емес демеймін. Бірақ қазір ең басты мәселе бұл коронавирус. Сондықтан ақша індеттен ең қатты зардап шеккен экономика секторларына бөлінуі тиіс. Қазір жеке кәсіпкерлердің барлығы өлместің күнін кешіп жүр. Жақында қайтадан оқшаулану тәртібі енгізілуі мүмкін. Сонда қалай күн көреміз?

Хабар 24 телеарнасы