427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жиырма жылда табиғи апаттардан бір млн астам адам көз жұмды

  • 74
  • UPD: 10:09, 13.10.2020
Жиырма жылда табиғи апаттардан бір млн астам адам көз жұмды

Әлемде соңғы 20 жылда табиғи апаттардан 1 миллион 200 мыңнан астам адам қаза тауып, ғаламдық экономика 3 триллиондай доллардан айырылған.

БҰҰ Адамдық қауіп-қатерді азайту бойынша агенттігінің зерттеулері осыны көрсетіп отыр. Ұйым баяндамасына қарағанда 21-ғасырдың басынан су тасқыны, дауыл, құрғақшылық, орман өрті көбейіп, жер сілкінісі мен цунамилар жиілеген. Адам шығыны да осы соңғы екеуінен көп болады екен. Мамандар апаттардың көбін климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр. Ал алдағы онжылдықта күннің ысуы жиі тіркеліп, одан кедей елдер көптеп зардап шегетінін ескертуде.

Хабар 24 телеарнасы