432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Циндао әуежайында коронавирусқа байланысты 240-тан астам рейс тоқтатылды

  • 81
  • UPD: 09:46, 13.10.2020
Циндао әуежайында коронавирусқа байланысты 240-тан астам рейс тоқтатылды

Бұған дейін қалада инфекцияның бірнеше жергілікті жағдайы анықталған.

Циндао әуежайында (Шандонгтың Шығыс провинциясы) сейсенбіге жоспарланған рейстердің жартысына жуығы аймақтағы эпидемиялық жағдайға байланысты тоқтатылды. Бұған рейстер туралы ақпаратты бақылауға мүмкіндік беретін «Фэйчанчжунь» мобильді қосымшасының деректері дәлел бола алады.

Қазіргі уақытта бүкіл әуежай бойынша 240-тан астам рейс тоқтатылды. Мысалы, Пекин – Циндао бағыты бойынша 16 рейстің 11-і тоқтатылды, ал кері бағытта жоспарланған 12 рейстің алтауы тоқтатылды. Бір күн бұрын Бейжіңдегі ауруларды бақылау және алдын алу орталығы Циндаоға туристік және іскерлік сапарлар жасамауға шақырды.

Циндаодағы эпидемиялық жағдай өткен демалыс күндері жаңа типтегі коронавирус жұқтырудың бірнеше жергілікті жағдайлары анықталған кезде нашарлай бастады. Дүйсенбіде қала билігі 2019 жылғы жағдай бойынша шамамен 9,4 млн адамды құрайтын бүкіл қала тұрғындарының коронавирусты тестілеу бойынша ауқымды науқан басталғанын хабарлады. Циндао билігі бір күн бұрын қалада қазіргі эпидемиологиялық жағдайға шұғыл әрекет ету режимін енгізді.

Қазіргі уақытта қалалық гигиена және денсаулық сақтау комитетінің ресми мәліметтеріне сәйкес 3 млн-нан астам үлгі жиналды. Шаньдун провинциясының өзінде ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің ресми мәліметтері бойынша өткен тәулікте инфекцияның алты жаңа жағдайы тіркелді.  Қалаға келген азаматтарда аталған уақытта коронавирус анықталған жоқ.

 

Сондай-ақ:

Циндао қаласында өтетін ШЫҰ елдерінің халықаралық жәрмеңкесі кейінге қалдырылды 


Хабар 24 телеарнасы