428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда жол апатынан 17 адам қаза тапты

  • 67
  • UPD: 11:28, 13.10.2020
Нигерияда жол апатынан 17 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік-шығысында автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 17 адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды.

Бұл туралы Синьхуа хабарлады.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, автобус жүргізушісі Йобе штатындағы тасжолда көлікті басқара алмай қалған. Зардап шеккендердің арасында екі бала бар.

Алдын ала тергеу бойынша апатқа автобус жүргізушісінің жылдамдықты асыруы себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы