428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада карантин 31 желтоқсанға дейін ұзартылуы мүмкін

  • 45
  • UPD: 14:14, 13.10.2020

Украинада коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне 5800 адамға артып отырады. Бір тәулікте дерттен көз жұмғандар саны жүзге жуықтады. Киев қаласындағы 4 мектеп карантинге жабылды. 188 мектептің жарты мыңнан астам сыныбы дистанциялық оқуға көшкен. Ал ЖОО түгел қазір онлайнда. Бізбен тікелей байланыста Аида Қыдырбай Украинадан. 

Вирус тәулігіне алты мыңға адамнан анықталыпты. Билік қандай шара қолдануда? 

- Айдың соңында өтетін сайлау жайлы толығырақ айтып берсеңіз, вирус өршіп тұрған тұста сайлау қалай ұйымдастырылмақ? 

Аида Қыдырбай, тілші:

- Елдегі эпидемилогиялық жағдай мәз емес. Денсаулық сақтау министрлігі – қоғамның әлеуметтік жауапкершілігі аз деп дабыл қағуда. 1 жарым метрлік дистания мен маска тағу тәртібі әлі сақталмайды. Карантин тәртібін бұзған жеке тұлғаға салынатын айыппұл Украинада 620 доллардан 1200 долларға дейін жетеді. Жағдайдың ушығуына байланысты бірінші қарашаға дейінгі шартты карантин енді 31 ЖЕЛТОҚСАНҒА дейін ұзарту жөнінде ұсыныс түсті. Бұл туралы Үкімет отырысында елдің бас санитарлық дәрігері мәлімдеді. 

Мына видео қаланың басты алаңы Майдан Незалежности көшесінде түсірілген. Көріп тұрғандай, видеодан жастар карантинның қандай да бір талабын ескермейді. Қатты музыка, тығыз билеген көп адам және бұл видео қаланың басты көшесінде түсірілсе де оларды айыптаушы инспектордың қарасы көрінбейді.

Атап өту керек, биыл Украинаның күзі жылы, ауа температурасы 20 градусқа жетеді. Сондықтан әсіресе сенбі және жексенбі күндері ірі іс-шаралар қалада көптеп ұйымдастырылды, жаппай бұқаралық қыдыру және түрлі күзгі фестиваль мен фаст фуд аясындағы бас қосылулар тиылар емес. Салдарынан вирустың таралу аясы кеңеюде. Дүйсенбіден бастап, қаладағы 5 мектеп карантинге жабылды. 15 інен бастап, мектеп оқушылары екі апталық каникулға жіберіледі. Кафе, бар мен мейрамхана түнгі 11 емес, енді 10-да жабылуы тиіс. Қазір Украина билігі мен қоғамы үлкен сайлауға дайындалуда. Қала мэрі және жергілікті маслихат депутаттары сайланбақ. 

Ай аяғында өтетін сайлау жайлы толығырақ айтып берсең, вирустың таралуы қатты, сайлау қалай ұйымдастырылмақ? 

- 25 қазанда Украинаның 24 облысы, ауыл-ауданында жергілікті маслихат сайлауы өтеді. Әр қала мен ауылдың әкімі тағайындалады. Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің дайын әкенін мәлімдейді. Кабинет министрлігі сайлаудың өту тәртібі жайын жариялады. Талапқа сай, сайлау учаскелерінде температурылық скрининг пен тазалыққа басты мән беру қатаң талап етіледі. Сайлау комиссиясының мүшелері арасында кем дегенде дегенде бір метрлік дистанция сақталуы қажет. Әр екі сағат сайын сайлау учаскелеріндегі есі тұтқалары сүртіліп, әр 4 сағат сайын тазалық жұмыстары жасалуы тиіс. Бұл әзірге Үкіметтің нұсқауы, ол қалай орындалады, оны уақыт көрсетпек.

Хабар 24 телеарнасы