427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда қатаң шектеу шаралары енгізілді

  • 45
  • UPD: 14:37, 13.10.2020

Германияда коронавирусты жұқтыру деректері артып келеді. Бұған алаңдаған үкімет бүкіл ел аумағында шектеу шараларын күшейтіп жатыр.

Әсіресе күн сайын науқастар саны өсіп жүрген ірі қалаларда қатаң шаралар қолға алынды. Мәселен, бүгіннен бастап Гамбургте көшеде де бетперде тағу міндеттелді. Бұл ережені бұзғандарға 150 еуро мөлшерінде айыппұл салынады. Ал Берлинде барлар мен мейрамханалар тек сағат кешкі он бірге дейін істейтін болды. Тәртіпке бағынбағандарға 5 мың еуро мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ бұл қалада 5 адамнан артық жиналуға тыйым салынды. Бұл жастар арасында вирустың таралуына тосқауыл қоюға арналған шара. Ал өзге өңірлерге жұмыс бабымен немесе саяхаттауға баратын Берлин тұрғындары тестілеуден өтуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы