432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Новичок. Еуроодақ Ресейге санкция салады

  • 104
  • UPD: 14:43, 13.10.2020
Новичок. Еуроодақ Ресейге санкция салады

Алексей Навальныйды уландыру әрекетіне байланысты Еуроодаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлері Ресейге қарсы санкциялар енгізуді бір ауыздан шешті.

Бұл шара бірнеше жеке тұлға мен мекемелерге қарсы қабылданатын болды. Бұл туралы Люксембургте өткен Еуроодақ елдері сыртқы министрлер Кеңесінің мәжілісінен кейін белгілі болды.

Хейко Маас, Германия сыртқы істер министрі: 

- Химиялық қаруға тыйым салу Конвенциясының бұзылғаны анық. Сол себепті тиісті шараларды қолға алу қажет. Сондықтан Франция мен Германия бұл іске қатысты назарымызға іліккен кейбір тұлғаға қарсы санкция қабылдауды ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы