429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда жанармай таситын көлік жарылып, 20 адам көз жұмды

  • 146
  • UPD: 15:08, 13.10.2020
Нигерияда жанармай таситын көлік жарылып, 20 адам көз жұмды

Нигерияның оңтүстік-батысында жанармай таситын көлік жарылып, кем дегенде 20 адам қаза болды. Бұл туралы Daily Post хабарлады.

«Дизельге құйылған жанармай таситын көліктің жүргізуші тізгінді басқара алмай, көлік аударылып, жарылды», - деді федералды автомобиль жолдары қауіпсіздігі қызметінің өкілі Агнесс Огунгбеми.

Барлығы сегіз көлік апатқа ұшырап, толығымен жанып кетті.

Апат 12 қазанда түстен кейін Осун штатындағы Илеса-Акуре тасжолында болған. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы