432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдағы мереке күндерінде енгізілген шектеулер тиімділігін көрсетті

  • 125
  • UPD: 15:59, 13.10.2020
Қытайдағы мереке күндерінде енгізілген шектеулер тиімділігін көрсетті

Қытайдағы сегіз күндік мереке елдегі шектеу шараларының тиімділігін тексерді. Өйткені бұл күндері ондаған миллион адам саяхатта жүрді. Осыған байланысты жергілікті мамандар алдын ала қорытынды жасап, ел ішінде қатынау қауіпсіз деген шешімге келді. Соған қарамастан жолға шығуды сәл де болса кейінге қалдыра тұруға шақырып отыр.

У Цзунью, ҚХР аурулардың алдын алу және бақылау орталығының бас эпидемиологы: 

- Біз бүкіл ел бойынша індеттің алдын алуға қатысты шаралар қабылдап жатырмыз. Жалпы айтар болсақ, біз сынақтан сәтті өттік. Дегенмен, коронавирустың инкубациялық кезеңі барын ұмытпаған жөн. Сондықтан алдағы 10 күнде жағдайдың қалай өрбитінін назардан тыс қалдырмауымыз керек. Содан кейін ғана соңғы шешім шығарамыз.

Айта кетейік, өткен жексенбіде Қытайдың Циндао қаласында вирус жұқтыру деректері анықталған болатын. Осыған байланысты Бейжің қаласында Циндаоға барған азаматтарды және олармен байланыста болған тұрғындарды іздестіру жұмыстары басталды. Олар онлайн сауалнама толтырып, коронавируске тест тапсырулары тиіс. Ал Циндао билігі індеттің тарап кетпеуі үшін қаланың бүкіл тұрғынын яғни 9 миллион адамды тестілеп шықпақ. Және оны бар болғаны 5 күнде өткізбек.

Хабар 24 телеарнасы