Камбоджаның батысында толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны болып, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мыңдаған адам баспанасынан айырылған. Апат аудандарынан 2 жарым мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Пурсат провинциянда көптеген мекенді су басып, бірқатар тасжолды су шайып кеткен. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.