427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жүзжылдықта адамзат жер бетінен жойылып кетуі мүмкін

  • 282
  • UPD: 23:10, 13.10.2020

Әлемде соңғы 20 жылда қоршаған орта қатты ластанып, жер бетінде табиғи апаттар көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір елдерде су тасқыны жиілесе, кейбірінде орман өрті өршіді.

Дүние жүзінде климаттың өзгеруінен адамзат баласына үлкен қауіп төнді. Осы жүзжылдықта адамзат жер бетінен жойылып кетуі мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымы осылай деп дабыл қағып жатыр. Себебі 21-ғасырдың басынан су тасқыны, дауыл, орман өрті көбейіп, жер сілкінісі мен цунамилар жиілеген. Жер бетіндегі халықтың 10 процентін құрайтын байлардың ауаны көмірқыш газымен ластауы артқан. Қазбалы отындарды пайдаланудан ғаламдық жылыну күшейген.

Стефан Дюжаррик, БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі:

– Соңғы 20 жылда климаттың өзгеруінен табиғи апаттар күрт көбейді. Су тасқыны 2 есе артты. Дауыл, орман өрті, құрғақшылық жиіледі. Мұндай апаттардан 2000 жылдан бері 4 миллиардтан астам адам жапа шегіп, 1 миллион 230 мыңнан аса кісі опат болды. Әлем экономикасы 3 триллион долларынан айырылды.

Адамзат баласының әрекетінен жан-жануарлар да қатты зардап шегуде. Мысалы, 2 апта бұрын көрші Ресейдің Камчатка өлкенсіндегі теңіз жануарларының жаппай қырылып, жағаға шығып қалуы тіркелді. Экологтар Авачинск мүйісінен фенол мен мұнай өнімдерін тапты. Адамдар да мұхит суында өзгерістер болғанын айтады. 

Антон Морозов, жергілікті тұрғын:

– Мен әдеттегідей серфингпен айналысайын деп суға түскенде, одан біртүрлі жағымсыз иісті сездім. Мұхит суының түсі де өзгеріп, ластанған өзен суына ұқсады.

Украинада да қоршаған ортаны қорғау мәселесі ең өзекті түйткілдің бірі. Әсіресе жергілікті экологтар су мәселесіне алаңдаулы, Мамандар елде су ресурстарының аздығына қарамастан билік оларды қалай болса солай пайдалануда дейді. Егер мәселе қазір шешілмесе алдағы 25 жылда Днепр тартылып Украина ауызсуды импорттауға мәжбүр болуы мүмкін. 

Людмила Цыганок, Украина экологтары кәсіби қауымдастығының президенті:

– Біз қазір экологиялық апат алдында тұрмыз. Украина – Еуропада сумен аз қамтылған елдердің бірі. Соған қарамастан бұл ресурсты ысырапсыз пайдаланып жатыр.

Ал зерттеулер көп аурулардың бастауы экологиялық мәселе екенін көрсетеді. Мысалы Ресей ғалымдары ауаның ластануы коронавирус індетінің таралуына ықпал ететін анықтады. Ал ағылшын зерттеушілері лас ауа науқастың вирустан қайтыс болу қауіпін арттыратынын тапты. Осыған байланысты лейбористік партия биліктен ірі қалалардағы ауаның ластануымен күресу үшін шұғыл шараларды қабылдауға шақырып жатыр.

Авторы: Дәурен Ақашұлы

Хабар 24 телеарнасы