428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия ғалымдары коронавирусты 5-6 минутта анықтайтын тест ойлап тапты

  • 91
  • UPD: 23:24, 13.10.2020
Италия ғалымдары коронавирусты 5-6 минутта анықтайтын тест ойлап тапты фото: ria.ru

Адамның коронавирусты жұқтырған-жұқтырмағанын алдағы уақытта түкірік арқылы да анықтауға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экспресс-тестті Италиядағы Инсубрия университетінің ғалымдары ойлап тапты. Вирусты тексерудің бұл түрі өте қарапайым әрі бірнеше минут қана кетеді. Ол үшін адамның түкірігі шыны түтікке салынып химиялық реагентпен араласытырлады. Шамамен 6 минуттан соң түтіктегі ерітінді тест-кассетаға жағылады. Егер онда бір сызық түзілсе, адамның вирусты жұқтырмағынын, ал 2 сызық пайда болса, дертке шалдықанын көрсетеді. Мамандар «мұндай тест кинотеатр, мектеп, сауда орталығы сынды орындарда қолдануға ығайлы болар еді», деп отыр. Дегенмен, жаңа тест алда тағы бірқатар сынақтан өтуі тиіс. Тек содан кейін ғана қолдануға берілуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы