430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кубада карантин режимі жеңілдеді

  • 78
  • UPD: 23:30, 13.10.2020
Кубада карантин режимі жеңілдеді фото: express-k.kz

Өйткені елде эпидемиологиялық ахуалдың беті бері қарай бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан дүкендер мен сауда орталықтары қайта ашылып, кафе-барлар жұмысы жанданды. Бұдан бөлек, ел билігі туристерге 16 өңірдің 13-ін ашты. Дегенмен, маска тағу мен әлеуметтік арақашықтық сақтау режимі әлі де күшінде. Айта өтейік, індет басталғалы бері Кубада алты мыңдай адам коронавирус жұқтырды. 120-ға жуық қайтыс болды.

Мария Изабель Батиста, кәсіпкер:

- Үйде қалу өте қиын болды. Сондықтан қайтадан жұмысқа шығатыныма қуанып отырмын. Жалпы індет кесірінен кәсібім орасан зардап шекті. Дегенмен, бизнесім аяққа тұрып кетеді деген үміт бар. Бастысы, сақ болу керек.

Хабар 24 телеарнасы