428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мьянмада 100 жастағы кейуана коронавирусты жеңіп шықты

  • 56
  • UPD: 23:37, 13.10.2020
Мьянмада 100 жастағы кейуана коронавирусты жеңіп шықты

Тин Кхин қыркүйектің бас кезінде вирусты немересінен жұқтырып ауруханаға түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ әжей оған мойымайды. Қауіпті дерт кейуананың күнделікті өміріне де аса әсер ете қоймаған. Қазір Кхин отбасымен үйде оқшауланған.

Айта кетейік, коронавирусты алғаш жеңіп шыққан қарт 100 жастағы ресейлік Пелагея Пояркова есімді кейуана. Ал жұқпалы вирустан емделіп шыққан қазақстандық қарт адамның да жасы 100-де. Полина Силина Ақмола облысында тұрады. Ол дерттен сәуір айында жазылып шықты.

Хабар 24 телеарнасы