432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: Әлемде COVID-19 пандемиясының екінші толқыны жоқ

  • 296
  • UPD: 11:51, 14.10.2020
ДДСҰ: Әлемде COVID-19 пандемиясының екінші толқыны жоқ

Әлемде COVID-19 пандемиясының екінші толқыны жоқ.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік директоры Дорит Ницан мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, коронавирустың түрлері мен формалары пандемияның екінші толқыны жоқ екенін көрсетеді. Тек вирус жұқтыру деректері артып жатқан елдер мен науқастар саны азайып келе жатқан мемлекеттер бар. Бұдан бөлек, Ницан көптеген адам коронавирустың өте қауіпті ауру екенін түсінбейді. Себебі бүгінде әлем халқының 5%-і осы инфекцияға шалдыққан екен. Ресми дерек бойынша дүниежүзі бойынша 38 миллионнан астам адам вирус жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы