428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада ауруханалар COVID-19 жұқтырған науқастарға толы – дәрігерлер

  • 61
  • UPD: 11:57, 14.10.2020
Аргентинада ауруханалар COVID-19 жұқтырған науқастарға толы – дәрігерлер

Аргентинада коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 900 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инфекцияға шалдығу деректерінің көбі Буэнос-Айрес пен оның төңірегіндегі елді мекендерде тіркелген. Дәрігерлердің сөзінше, бұл аймақта жағдайдың ушығып тұрғаны сонша, интенсивті терапия бөлімдері толуға шақ қалған. Айта өтейік, осының алдында Аргентина билігі елдегі карантин шектеулерін тағы екі аптаға ұзартқан еді.

Хуан Пендино, дәрігер:

- Интенсивті терапия бөлімдеріндегі орындар саны 95-97% шамасында қалады деп үміттенемін. Қазір орын жеткілікті. Бірақ науқастар саны артса, бәрін қабылдай алмай қаламыз.

Хабар 24 телеарнасы