Израиль мен Ливан бүгін теңіз шекарасын белгілеу бойынша соңғы 30 жылда алғаш рет келіссөз өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Reuters агенттігінің хабарлауынша, мұндай уағдаластыққа АҚШ тарапының делдалдығымен қол жеткізілген. Келіссөздің бірінші кезеңі Ливанның оңтүстігіндегі БҰҰ бітімгерлер штабында ұйымдастырылмақ. Басқосуда Ливанның оңтүстік жағалауынан Израильдің солтүстігіне дейінгі шекараны айқындау көзделген.
Айта кетейік, Ливан мен Израиль соғыс жағдайындағы елдер болып саналады. Екі мемлекеттің теңіздегі шекарасы әлі күнге дейін белгіленбеген.