432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баку мен Ереван бір-бірін тағы айыптады

  • 145
  • UPD: 14:05, 14.10.2020
Баку мен Ереван бір-бірін тағы айыптады

Баку мен Ереван Таулы Карабахтағы қақтығыстың қайта басталуына бір-бірін кінәлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Армения қорғаныс министрлігінің өкілі Арцрун Ованнисянның хабарлауынша, аймақта артиллериялық қақтығыстар әлі де жалғасып жатыр. Бірқатар БАҚ та Мартуни мен Тертер қалаларында жарылыстың болғанын растайді. Өз кезегінде Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Таулы Карабах аумағында баллистикалық зымырандардың көзін жойғанын жеткізді. Ведомство таратқан хабарламаға сәйкес, Баку тек алдын алу шараларын іске асырған. Айта кетейік, қазанның 9-ында Армения мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлері 10 қазаннан бастап атысты тоқтату туралы ымыраға келген еді.

Размика, Степанакерт қаласының тұрғыны:

- 27 қыркүйектен бері бункерде отырмыз. Балалардың бәрін Ереванға жібердік. Тек қарттар ғана қалды. Өте қорқынышты жағдай. Атқылау басталған кезде зымыранның қайда түсетінін білмейсің. Күн сайын осылай өмір сүріп келеміз.

Хабар 24 телеарнасы