427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде динозаврдың қаңқасы 3 млн еуроға сатылды

  • 80
  • UPD: 15:25, 14.10.2020
Парижде динозаврдың қаңқасы 3 млн еуроға сатылды

Парижде динозаврдың қаңқасы бәссаудаға қойылып, 3 миллион еуроға сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бастапқы бағадан екі есеге көп. Сүйегінің 70%-і сақталған қаңқаның биіктігі үш метрден асады, ұзындығы шамамен 10 метр. Ал қаңқасының жасы 150 миллион жылдай. Сарапшылардың айтуынша, соңғы уақытта динозавр сүйектеріне деген қызығушылық арта бастаған. Оны өткен аптада Нью-Йорктегі Christie's бәссаудасында орнатылған рекордтан да аңғаруға болады. Телефон арқылы өткен сауда кезінде Стэн есімді тираннозавр 32 миллион долларға сатылып кетті.

Хабар 24 телеарнасы