428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ аумағында қатынаудың бірыңғай ережесі енгізіледі

  • 53
  • UPD: 15:12, 14.10.2020
Еуроодақ аумағында қатынаудың бірыңғай ережесі енгізіледі

Еуроодақ азаматтардың Шенген аумағында қатынауына қатысты бірыңғай ереже қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одаққа мүше мемлекеттер енді коронавирустың таралу деңгейіне байланысты төрт түрлі түспен белгіленеді. Осылайша, Еуропа бойынша саяхаттайтын азаматтарға әр елдегі жағдай жайлы толығырақ ақпарат беру көзделген. Мәселен, жасыл түсті аймақ арасында қатынайтындарға ешқандай шектеу болмаса, қызыл мен қызғылт түсті өңірлерден келетіндерден коронавирус тесті талап етілмек. Еурокомиссия басшысының айтуынша, мұндай шара шекараның ашықтығына кепіл болады.

Хабар 24 телеарнасы