428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан парламенті Садыр Жапаровты премьер-министр етіп бекітті

  • 81
  • UPD: 15:19, 14.10.2020
Қырғызстан парламенті Садыр Жапаровты премьер-министр етіп бекітті

Қырғызстан Жогорку Кенеші Садыр Жапаровты премьер-министр қызметіне бірауыздан қолдап бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар парламент үкіметтің жаңа құрамы мен бағдарламасын қабылады. Отырыста қабылданған қаулы президент Сооронбай Жээнбековке Министрлер кабинетінің мүшелерін тағайындау үшін жіберілді. Айта кетейік, Қырғызстанда қазанның 5-і күні парламенттік сайлаудың қорытындысы жариялана салысымен наразылық шерулері басталып, бірнеше күн бойы тәртіпсіздіктер болды. Қазанның 10-ы күні парламент Садыр Жапаровты үкімет басшысы ретінде бекіткен. Алайда ол кезде шешім заңбұзушылықтармен қабылданғандықтан, президент заң шығару органына қайта жіберген болатын.

Хабар 24 телеарнасы