427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем елдері індеттің таралуын тоқтату үшін қандай шешім қабылдап жатыр?

  • 137
  • UPD: 00:02, 15.10.2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 38 миллионан асты. Індет күшейіп, кей елдерде шектеу шаралары қатаңдатылып жатыр. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «вирустың екінші толқыны болмайды» деп мәлімдеді. Әлем елдері індеттің таралуын тоқтату үшін қандай шешім қабылдап жатыр? 

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Көп мемлекет дерттің таралуын тежеу үшін алдын ала шаралар қабылдап, шектеулерді қатаңдатып жатыр. Мысалы, Малайзия билігі Куала-Лумпур қаласы мен Селангор штатында тұрғындардың жүріп-тұруын қайта шектеді. Бір ауданнан екінші ауданға бару үшін арнайы рұқсат керек. Мектептер жабылып, 2 аптаға дейін діни, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Бірақ шағын және орта бизнеске жұмысын жалғастыруға рұқсат етілген. 

Шариф Ахмад, мейрамхана қожайыны:

- Біз мейрамханаға адамдарды температурасын тексеріп барып кіргіземіз. Барлық қонақтардың жеке мәліметтері жазылып алынады. Адамдар мұның қажет шаралар екенін түсінеді.

Экономикалық мәселелерді алға тартып карантин тәртібін қатаңдатпай келген Нидерланд билігі де індетті ауыздықтау үшін жаңа шектеулер енгізді. Мемлекетте бүгіннен бастап мейрамхана мен дәмханалар жабылды. Кешкі сағат 20:00-ден кейін ішімдік сатуға тыйым салынды. 13 жастан жоғары адамдардың бәріне көптеген қоғамдық орында бетперде тағып жүру міндеттелді.

Марк Рютте, Нидерланд премьер-министрі:

- Жаңа шектеулер экономикағаа көп залалын тигізетінін түсінемін. Бірақ індетің таралуына тосқауыл қою үшін осындай қадамға баруға мәжбүрміз. Себебі ресми мәліметтер өтірік айтпайды. Біз өзімізге барынша қатаң қарап, індетпен күреске атсалысуымыз керек.

Ал Швецияда жұмыс орындарында вирусты жұқтырғандар көбейген. Биылғы жарты жылда дәрігерлердің көмегіне 9 мың адам жүгінген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 60 процентке артық. Олардың арасында медицина салысының қызметкерлері көп.

Әлемде дерттің таралуы бойынша көш бастап тұрған АҚШ-та вирусты жұқтырғандар қайта өсті. Американың 20 штатында дертке шалдыққандар саны күрт артты.

Бірнеше күн бұрын карантин шектеулерін екі аптаға созған Аргентинада да вирусты жұқтырғандар саны артқан. Инфекцияға шалдығу дерегінің көбі Буэнос-Айрес қаласында тіркелуде. Мамандар шектеулерді ұзарту індеттің таралуын азайтады деп үміттенеді.

Нина Мартинес, жергілікті тұрғын:

- Үкіметтің шектеулерді ұзартқанын қолдаймын. Өйткені адамдар сақтық шараларын орындаамй өзгелердің өміріне қауіп төндіруде. Мысалы, жиындар мен кештердің соңы қалай аяқталып жатқанын естіп жатырмыз.

Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «коронавирустың екінші толқыны болмайды» деп мәлімдеп отыр. Ұйым өкілдері дерттің күшеюі көбіне адамдардың вирустың қауіпті екеніне мән бермеуінен дейді. Сондықтан азматтарды жұқпалы кеселден барынша сақтануға шақырып отыр.

Автор: Дәурен Ақашұлы

Хабар 24 телеарнасы