432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каталонияда шектеулер қатаңдатыла бастады

  • 69
  • UPD: 10:28, 15.10.2020

Испанияның Каталония аймағында індеттің таралуы күшейіп, жергілікті билік мейрамхана мен дәмханаларды 15 күнге жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара қазанның 16-сынан бастап күшіне енеді. Бұдан бөлек, дүкендер мен саябақтардың жұмыс уақыты қысқартылды. Жалпы Испанияда вирусты жұқтырғандар саны 900 мыңға жуықтаған. Дерттен 33 мыңнан аса науқас қайтыс болды. Өткен аптада Мадрид пен оның шеткі аудандарында қайтадан жартылай карантин енгізілді.

Пере Арагонес, Каталония аймағы басшысының міндетін атқарушы:

– Бұл шара аймақ экономикасы мен компанияларға кері әсер ететінін түсінеміз. Бірақ індет алдағы уақытта қазіргіден де тез таралмауы үшін осындай қадамға баруға мәжбүрміз. Себебі науқастар саны артса, денсаулық саласына салмақ түсетіні белгілі.

Хабар 24 телеарнасы