427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан президенті отставкаға кетуден бас тартты

  • 195
  • UPD: 09:56, 15.10.2020
Қырғызстан президенті отставкаға кетуден бас тартты

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қызметінен кетуден бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ол ел премьер-министрімен өткен келіссөздерден соң мәлімдеді. Анықталғандай, кездесу барысында Садыр Жапаров президенттің отставкаға кетуін талап еткен. Алайда мемлекет басшысының баспасөз қызметі президенттің отставкаға кету құқығы жоғын хабарлап, Сооронбай Жээнбеков тек жаңа парламенттік сайлаудан кейін ғана қызметін босататынын айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, Садыр Жапаровты үкімет басшысы етіп, қырғыз парламенті тағайындаған еді. Ол қазанның төртінде өткен парламенттік сайлаудан кейінгі ереуілдер кезінде түрмеден шыққан болатын.

Хабар 24 телеарнасы