427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехияда мектептер жабылды

  • 45
  • UPD: 12:08, 15.10.2020

Чехияда коронавирус жұқтырғандар саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек өткен тәуліктің өзінде елде 9 мыңнан астам адамнан қатерлі инфекция табылған. Осыған байланысты билік өкілдері ішінара локдаун енгізіп, кафе-барлар мен мектептерді жапты. Қазір аталған елде жағдайдың ушығып тұрғаны сонша, ауруханаға жатқызылғандардың саны екі есеге өскен. Жалпы Чехияда бүкіл Еуропа бойынша вирус жұқтырудың ең жоғарғы деңгейі тіркеліп отыр. Мұнда әрбір 100 мың адамның 581-інен вирус анықталады.

Хабар 24 телеарнасы