427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Microsoft ең жауапты жұмыс берушілер рейтингінде көш бастады

  • 69
  • UPD: 10:03, 15.10.2020
Microsoft ең жауапты жұмыс берушілер рейтингінде көш бастады

Билл Гейтс негізін қалаған Microsoft компаниясы үшінші рет қатарынан АҚШ-тың ең жауапты 100 корпорациясы рейтингінде көш бастады.

Бұл туралы Forbes хабарлады.

Сондай-ақ жаңартылған тізімнің алғашқы бестігіне Microsoft корпорациясынан басқа технология алпауыттары – NVIDIA, Apple, Intel және Alphabet кірді.

«Forbes рейтингті Just Capital коммерциялық емес ұйымымен бірге жасады. Рейтинг Russell1000 индексінен АҚШ-тың 928 ірі корпорация туралы мәліметтерді зерттегеннен кейін құрылды», - делінген мақалада.

Рейтингті құру кезінде ашық корпоративтік есептер мен зерттеулерден бөлек 110 мың америкалық арасында жүргізілген сауалнама деректері пайдаланылған.

Рейтингтің алғашқы ондығы:

Microsoft

NVIDIA

Apple

Intel

Alphabet

JPMorgan Chase

Salesforce.com

AT&T

Cisco Systems

Adobe

Just100 рейтингі төртінші рет жарияланып отыр. 2017 жылы Intel бірінші орынды иеленді, содан кейін Microsoft үш жыл қатарынан алғашқы болды.

Хабар 24 телеарнасы