429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияның бірнеше аймағында коменданттық сағат жарияланды

  • 65
  • UPD: 14:23, 15.10.2020

Францияда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты бірқатар өңірде коменданттық сағат жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді кешкі сағат 9-дан таңғы алтыға дейін тұрғындардың сыртқа шығуына болмайды. Ережені елемегендер жауапқа тартылады. Нақтырақ айтсақ, тәртіпті бірінші рет бұзғандар 135 еуро айыппұл төлесе, екінші қайтара бұзғандар 6 жарым мың еуро көлемінде айыппұл арқалайды. Бұдан бөлек, кафе-барлар, кинотеатр мен театрлардың жұмыс уақыты шектелді. Ал мектептер сол күйі жұмыс істей береді. Қоғамдық көліктер де қызметін тоқтатпайды. Тек жүру кестесі ғана қысқарады. Тәртіптің қатаң сақталуын жергілікті полицейлер қадағалайды екен. Айта кетейік, елдегі коменданттық сағат мерзімі алдағы 4 апта бойы күшін жоймайды.

Эмманюэль Макрон, Франция президенті:

– Біз коменданттық сағат режимін енгізу арқылы елдің 9 аймағында коронавирустың таралуын тежемекпіз. Ал туған күнді атау өту секілді сауық кештері керісінше инфекцияның таралуына жол ашады.

Хабар 24 телеарнасы