429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда күніне 5 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырады

  • 87
  • UPD: 15:38, 15.10.2020

Германияда коронавирусты жұқтырғандар саны артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте 5 мыңнан аса науқас анықталды. Осыған байланысты Ангела Меркель федералдық өңір басшыларымен мәжіліс өткізді. Саясаткерлер бірқатар жаңа шектеулер енгізу туралы келісті. 100 мың адамға шаққанда науқастар саны 35-тен артқан елді мекендерде бетперде тағу міндеттеледі. Ал елуге жетсе, барлар мен мейрамаханалар тек сағат кешкі он бірге дейін істейді. Сондай-ақ тойлар мен отбасылық мерекелерге 12 адамнан артық шақыруға болмайды.

Йенс Шпан, Германия денсаулық сақтау министрі:

– Бәріміз науқастар санының артқанына уайымдап отырмыз. Әр адам коронавируспен күреске өз үлесін қоса алатынын түсінуі қажет. Бұл үшін барша шектеу талаптарын орындауы керек. Егде жастылар арасында вирус жұқтырғандар қатары өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Олар үшін бұл ауру аса қауіпті. Сондықтан медициналық мекемелер мен қарттар үйлерінде жедел тесттер өткізудің жаңа ережелерін енгіземіз.

Хабар 24 телеарнасы