432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстан президенті отставкаға кетті

  • 162
  • UPD: 15:26, 15.10.2020

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі саяси ахуалға байланысты қызметінен бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қырғыз елінің басшысы халыққа үндеуінде жариялады. Жээнбековтың айтуынша, оның мұндай қадамға баруына елдегі соңғы саяси оқиғалар түрткі болған. Парламент бекіткен Садыр Жапаровты премьер-министр етіп тағайындап, үкімет құрамын бекітудің өзі шиеленісті шешпеген.

«Осыған байланысты елде қантөгісті болдырмас үшін отставкаға кету туралы шешім қабылдадым», – деді Жээнбеков.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда қазанның 5-і күні парламенттік сайлаудың қорытындысы жариялана салысымен наразылық шерулері басталып, оның соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан еді.

Хабар 24 телеарнасы