Таиландта үкіметке қарсы наразылық шараларына байланысты ел билігі Бангкокта төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол бүгіннен бастап күшіне енеді. Бұдан былай тұрғындардың 5 адамнан артық топ болып жиналуына рұқсат етілмейді. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін хабарламалар мен жаңалықтарды жариялауға тыйым салынған.
Айта кетейік, бүгінде Таиланд жерінде жаппай шерулер өтіп жатыр. Жергілікті халық қазіргі премьер-министрі генерал Прают Чаночтың отставкаға кетуін талап етуде.