432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауаның ылғалдылығы вирустың таралуына әсер ететіні анықталды

  • 154
  • UPD: 15:18, 15.10.2020
Ауаның ылғалдылығы вирустың таралуына әсер ететіні анықталды РБК Стиль

Ауаның ылғалды болуы вирус бөлшектерінің таралуын арттыруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапония ғалымдары «Фугаку» деп аталатын супер-компьютер арқылы тәжірибе жүргізіп, осындай құбылысты анықтады. Мамандардың айтуынша, бұл қыс кезінде адамдардың құрғақ жабық орында коронавирусты жұқтыруын арттыратынын білдіреді. Осымен қатар ғалымдар бетперде адамды вирустан мөлдір экраннан көрі жақсы қорғайтынын байқаған. Ал бір үстел басында вирусты жұқтыру қаупі қарсы отырған адамнан гөрі жанында отырған кісіден көбірек болады дегенді айтады.

Хабар 24 телеарнасы