427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Туристер үшін COVID-19-ға байланысты шектеулер аз елдер аталды

  • 96
  • UPD: 15:06, 15.10.2020
Туристер үшін COVID-19-ға байланысты шектеулер аз елдер аталды

Халықаралық әуе қатынасы қауымдастығы (IATA) COVID-19-ға байланысты шектеулер дәрежесі көрсетілген интерактивті картадағы мәліметтерді жаңартты.

IATA мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта сегіз мемлекет қана «шектеу жоқ елдер» тізіміне енген, яғни ол мемлекеттерде саяхатшыларға қатаң шектеулер жоқ.

Сонымен, Мексикада, Гаитиде және Түркияда шетелдіктерден коронавирустың жоқ екенін растайтын анықтама талап етілмейді. Тек арнайы онлайн сауалнаманы толтырып, елге ұшып келген кезде көрсету қажет және байланыссыз термометриядан өту керек.

29 шілдеден бастап шетелдіктерге Бразилияға баруға рұқсат етілді. COVID-19 тестінен өту талап етілмейді. Медициналық сақтандыру міндеттеледі.

Албания, Ауғанстан да коронавирустың талдау нәтижелерін қажет етпейді.

Хабар 24 телеарнасы